14 тамыз күні KazPrime индикаторының мәні өзгерген жоқ, жылдық 10,00 % құрады

14.08.19, 11:53
/KASE, 14.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) фиксинг нәтижесі бойынша 2019 жылдың 14 тамызында KazPrime индикаторының мәні алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда өзгерген жоқ, жылдық 10,00% құрады деп хабарлайды. KazPrime индикаторы қазақстандық нарықта банкаралық депозиттерді actual/360 есептік базасымен 3 ай мерзіміне ақшаларды орналастыру мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді. Индикатордың актуалды мәнімен және мұрағаттық мәліметтермен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/kz/kazprime мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2019-08-14]