"Проблемалық несие қоры" АҚ KZ2C00006146 (FPKRb3) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

12.08.19 17:08
/KASE, 12.08.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 12 тамызында "Проблемалық несие қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00006146 (1 000 теңге, 17 518 400 000 теңге; 10 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Проблемалық несие қоры" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы). Аталмыш акцияларға тиісінше FPKRb3 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-08-12]