"КазТрансГаз" АҚ облигацияларын ұстаушылар XS1682544157, US48668NAA90 (KZTGe1) облигациялары шығарылымы шарттарына өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдады

05.08.19 14:23
/KASE, 05.08.19/ – Бағалы қағздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансГаз" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: начало цитаты ... "ҚазТрансГаз" АҚ, 4.375% купондық мөлшерлемемен 2027 жылы өтеу мерзімімен 750 000 000 АҚШ доллары кɵлемiндегi сомаға, өз еншілес ұйымдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-ның 100% акцияларын немесе активтерін сатуды мақұлдау және келісу туралы еурооблигациялар ұстаушылардың келісімін алу рәсімінің нәтижелері туралы хабарлайды. Сату, Бас компания "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес келеді. «ҚазТрансГаз» АҚ активтерді өткізу шамамен 232 млн. АҚШ доллары сомасына шоғарландырылған қарыз деңгейін төмендетеді деп есептейді және қаржылық көрсеткіштерге қолайлы әсер етеді. Облигацияларды ұстаушылардың жиналысы 2019 жылғы 1 тамызда "Бейкер и Макензи Эл-эл-Пи" Лондон кеңсесінде болды. Жиналысқа Облигациялар Ұстаушылардың 94,46% қатысты, олардың 97,28% Кезектен тыс шешім пайдасына жақтап дауыс берді. конец цитаты Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KZTG/kztg_reliz_050819_1.pdf мекен-жайында жарияланды. [2019-08-05]