/KASE, 05.08.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит" АҚ (Алматы), 2019 жылдың 02
қыркүйегінде сағат 12:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы
жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібінде төрт
мәселе қосылған, оның ішінде 2017 жылға қалыптасқан бөлінбеген табыс
сомасынан компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу мәселесі
енгізілген.
Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды –
http://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_special_shareholders_meeting_info_020919_622.PDF
[2019-08-05]