"ҚазТрансОйл" АҚ бекітілген тарифтік сметаларды орындау, бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау, реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасы мен сенімділік көрсеткіштерін сақтау және 2019 жылғы 1-ші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында қызметтер тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдау өткендігін хабарлады
02.08.19 14:51
/KASE, 02.08.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2019 жылдың 02
тамызында биржаға жолдаған баспасөз хабарламасында былай деп
мәдлімдеді:
цитата басы
«ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылғы 31 шілдеде бекітілген тарифтік сметаларды
орындау, бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау, реттеліп
көрсетілетін қызметтер сапасы мен сенімділік көрсеткіштерін сақтау және
2019 жылғы 1-ші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша тұтынушылар
мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында қызметтер тиімділігінің
көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдау
өткендігін хабарлайды.
Есеп келесі ақпаратты қамтыды:
Қоғам туралы жалпы мәлімет;
Алдын ала болжам бойынша 2019 жылғы 1-ші жартыжылдығына
Қоғам қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері;
Алдын ала болжам бойынша 2019 жылғы 1-ші жартыжылдыққа
бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы;
Алдын ала болжам бойынша 2019 жылғы 1-ші жартыжылдыққа
реттеліп көрсетілетін қызметтерге уәкілетті орган бекіткен тарифтік
сметаларды баптар бойынша орындалуы;
Реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушыларымен жүргізілетін
жұмыстар. Реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсыну сапасы. 2019
жылғы 2-ші жартыжылдыққа арналған қызметтер перспективасы.
Есебі "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан", сондай-ақ "КазТрансОйл"
АҚ ресми сайтында жарияланды.
цитата соңы
[2019-08-02]