2019 жылдың 01 тамызынан бастап Сауда-саттық регламенті және Растау жүйесінің жұмысына енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді

31.07.19 19:29
/KASE, 31.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 30 шілдесіндегі шешімімен "Сауда-саттық регламенті және Растау жүйесінің жұмысы" (Регламент) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 4 өзгертулер (өзгертулер) 2019 жылдың 01 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді. Өзгертулермен валюталық своп құралдары бойынша минималды лот көлемі 100 000-нан 10 000 валюта бірлігіне дейін азайтылды. Регламенттің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайы бойынша жарияланды. [2019-07-31]