01 тамыздан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

31.07.19, 15:56
/KASE, 31.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 30 шілдесіндегі шешімімен "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 6 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) 2019 жылдың 01 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетулермен: - қандай да бір атаудағы фьючерстер бойынша маркет-мейкер болып табылатын, KASE мүшелері үшін комиссиялық алымдарды алып тастау; - қандай да бір атаудағы фьючерстер бойынша маркет-мейкердің барлық орындау мерзімдері бойынша ең үздік міндетті баға белгілеуінің минималды көлемі 100 АЕК көлемінде белгіленді; - қандай да бір атаудағы фьючерстер бойынша маркет-мейкердің барлық орындау мерзімдері бойынша максималды спрэдтің максималды мәні 2 % мөлшерінде белгіленді; - қандай да бір атаудағы фьючерстер бойынша маркет-мейкер мәртебесіне иеленген, KASE мүшесіне, KASE осы мәміленің контрагентінен алынған комиссиялық алымның сомасынан 50 % көлемінде сыйақы төлейді деп белгіленді. 2019 жылдың 01 тамызынан бастап "Фьючерстер бойынша маркет- мейкерлердің міндетті баға белгілеулері мен дисконттарының мөлшеріне қойылатын талаптар" атты KASE өз күшінен айырылды деп саналады. Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_market_maker.pdf мекен-дайында жарияланды. [2019-07-31]