2019 жылдың 26 тамызында "АК Алтыналмас" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

26.07.19 18:11
/KASE, 26.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы), 2019 жылдың 26 тамызында сағат 11:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіне қоғамның мүдделі мәміле жасағаны туралы мәселелер енгізілді. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_special_shareholders_meeting_info_260819_1231.pdf [2019-07-26]