Қазақстан қор биржасында 30 шілдесінен бастап "Нұрбанк" АҚ KZ2C00002897 (NRBNb12) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады

30.07.19 12:48
/KASE, 30.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының шешімімен 2019 жылдың 30 шілдесінен бастап, Қазақстан қор биржасында "Нұрбанк" АҚ (Алматы) KZ2C00002897 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb12) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында KASE Басқармасының шешіміне сәйкес, 2019 жылдың 24 шілдесінен бастап, 2019 жылдың 23шілдесінде облигациялардң шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешімін алуға байланысты тоқтатылды. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық 2019 жылдың 26 шілдесінде облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысындағы қабылданған және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуіне байланысты жаңартылды. "Индекстелген номиналдық құны" және "индекстелген облигацияларды шығару кезінде есептеулер тәртібі" бағандары өзгертулер мен толықтырулармен анықталды. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbnf9_NRBNb12_izm_260719.pdf жарияланды. Бұрын осы тақырыпта 2019 жылдың 24 шілдесіндегі KASE жаңалығы "Нұрбанк" АҚ " KZ2C00002897 (NRBNb12) облигацияларымен сауда-саттық 24 шілдесінен бастап тоқтатылды" атты жаңалығы жарияланған – http://kase.kz/ru/news/show/1409246/ [2019-07-30]