25 шілдеден бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00006120 (AGKKb11) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

25.07.19 12:34
/KASE, 25.07.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 17 шілдесіндегі шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006120 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 5 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 23 шілдесінен бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға AGKKb11 қысқарған белгісі (сауда-саттық кодтары) берілді. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/ALBN/ мекен- жайында жарияланады. [2019-07-25]