2019 жылдың 20 тамызында "Фридом Финанс" АҚ KZ2C00004257 (FFINb3) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы болып өтеді

23.07.19 12:25
/KASE, 23.07.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZ2C00004257 (KASE альтернативтік алаңы, "облигациялар" санаты, FFINb3) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіне ""Фридом Финанс" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясында шығарылған облигациялардың екінші шығарылымының Аңдатпасына өзгертулер енгізу" сұрағы енгізілген. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffin_other_accidents_190719_4.pdf [2019-07-23]