19 шілдеден бастап "Альфа-Банк" еншілес Банкі" АҚ KZ2C00006062 (ALBNb5) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

19.07.19 10:59
/KASE, 19.07.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 04 шілдесіндегі шешімімен "Альфа-Банк" еншілес Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00006062 (1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 7 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 19 шілдесінен бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға қысқарған белгі (сауда-саттық коды) ALBNb5 берілді. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/ALBN/ мекен- жайында жарияланады. [2019-07-19]