ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ өзінің KZP01Y05E715 (KZ2C00002715, BVTBb2) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

18.07.19 17:16
/KASE, 18.07.19/ - ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ (Алматы) 2019 жылдың 18 шілдесінде өзінің KZP01Y05E715 (KZ2C00002715, BVTBb2) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 20800000000 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 20000000000 теңгені, купондық сыйақысы – 800000000 теңгені құрады. [2019-07-18]