"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ 2019 жылдың сәуір-маусым айларына "ЦентрКредит – Валюталық" ИПИҚ KZPF00000058 (BCCI_cc) пайларын ұстаушыларына дивиденд төлегені туралы хабарлады

18.07.19 11:31
/KASE, 18.07.19/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит – Валюталық" инвестициялық пайлық интервалдық қорының басқарушы компаниясы болып табылатын, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (KZPF00000058, BCCI_cc) пайларын ұстаушыларына 2019 жылдың 01 сәуірінен 3 маусымына дейінгі кезеңде дивиденд төлегені туралы хабарлады. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес төленген сома 620 866,49 АҚШ долларын құрады, пайларды ұстаушылар тізілімін тиянақтау күні – 2019 жылдың 30 маусымы. [2019-07-18]