"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00006120 (AGKKb11) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

17.07.19 14:43
/KASE, 17.07.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 16 шілдесінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006120 (1 000 тенге, 40,0 млрд тенге; 5 лет; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті: Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. 2015 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тіркеген "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы аясында төртінші болып табылады. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы). Аталмыш акцияларға тиісінше AGKKb11 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-07-17]