"Fincraft Capital" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

12.07.19 15:58
/KASE, 12.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Fincraft Capital" АҚ ("Fincraft Capital" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C32750016 жай акцияларының жалпы саны 131 250 дана; - компанияның 99 626 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкi" АҚ болып табылады. [2019-07-12]