"Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

12.07.19 15:58
/KASE, 12.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C52060015 жай акцияларының жалпы саны 4 000 000 дана, KZ1P52060111 артықшылықты акциялар саны – 1 000 000 дана; - компанияның барлық жай акциялары және 4 000 000 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ болып табылады. [2019-07-12]