Қазақстан қор биржасында 12 шілдесінен бастап "Алматытемiр" АҚ KZ2C00001493 (ALTMb1) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады

12.07.19 11:07
/KASE, 12.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының шешімімен 2019 жылдың 12 шілдесінен бастап, Қазақстан қор биржасында "Алматытемiр" АҚ (Алматы) KZ2C00001493 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, ALTMb1) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында KASE Басқармасының шешіміне сәйкес, 2018 жылдың 20 муасымынан аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына байланысты 2019 жылдың 20 маусымынан бастап тоқтатылды. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық 2019 жылдың 20 маусымында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысындағы қабылданған және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде 2019 жылдың 16 мамырында тікрелген аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуіне байланысты жаңартылды. Оған сәйкес облигацияларды орындау міндеттемелерін қамтамасыз ету, тәртібі мен шарттары, облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алуды жүзеге асыру мерзідері, сондай-ақ дефолт пен шектеулерге (ковенант) қатысты басқа да шарттар өзгереді. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/ALTM/altmf9_ALTMb1_izm_050719.PDF мекен- жайында жарияланған. Бұрын осы тақырыпта 2019 жылдың 20 маусымындағы KASE жаңалығы "Алматытемiр" АҚ KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигацияларымен сауда-саттық 20 маусымнан бастап тоқтатылды" атты жаңалығы жарияланған – http://kase.kz/ru/news/show/1406129/ [2019-07-12]