"First Heartland Jýsan Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

10.07.19 14:55
/KASE, 10.07.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C33820016 жай акцияларының жалпы саны 697 500 000 дана, KZ1P33820112 артықшылықты акциялар саны – 2 500 000 дана; - банктің 121 181 706 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "First Heartland Securitiesl" АҚ болып табылады, оның меншігінде 123 107 748 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,54%) соның ішінде банктің 120 991 875 жай акциясы (банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,84%) және 2 115 873 артықшылықты акциясы (банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 84,63%) бар. [2019-07-10]