"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

10.07.19 14:54
/KASE, 10.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ ("Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C49420017 жай акцияларының жалпы саны 27 462 244 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2019-07-10]