"Кристалл Менеджмент" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

10.07.19 10:41
/KASE, 10.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына Директорлар кеңесінің құрамынан өз бастамасымен Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Тусупова Д.М. шығарылғаны туралы хабарлады. Қазіргі уақытта "Кристалл Менеджмент" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы алты адамнан тұрады: Аубакиров А.А., Сагдиева Р.М., Есқожа Б.А., Сайзинұлы Даулет, Токтаров Б.Н., Балжанов А.А. Осы ақпарат жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_board_changes_030719_32319.pdf [2019-07-10]