"Рахат" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

05.07.19 17:50
/KASE, 05.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Рахат" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C06320010 жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD болып табылады, оның меншігінде 3 440 362 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,57%) бар. [2019-07-05]