"AltynEx Company" АҚ жалғыз акционері 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

05.07.19 14:51
/KASE, 05.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "AltynEx Company" АҚ (Ақтөбе обл) жалғыз акционерінің 2019 жылдың 28 маусымындағы шешімдері туралы хабарлады. - компанияның 2018 жылға қаржылық есебі бекітілсін; - компанияның 2018 жылға 2 265 574 мың теңге таза табысы бөлінбесін, компанияның иелігінде қалдырылсын; - 2018 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін; - компанияның 2018 жылға жылдық есебі бекітілсін; - компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне шағым түскен жоқ; - 2018 жылға компанияның Директорлар кеңесінің және атқарушы органдарының сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын. Толық ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/ATEC/atec_annual_shareholders_meeting_results_280619_328.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-07-05]