28 маусымнан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2С00006047 (AGKKb10) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

04.07.19 16:03
/KASE, 04.07.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 02 шілдесіндегі шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2С00006047 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 360 жыл, жартыжылдық купон, айналым мерзімі соңында бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-сатитық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 04 шілдесінен бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға қысқарған белгі (сауда-саттық коды) AGKKb10 берілді. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/AGKK/ мекен- жайында жарияланады. [2019-07-04]