ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ "Ақ Ниет" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастайды

03.07.19 12:05
/KASE, 03.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Банк ВТБ (Қазақстан) Еншілес банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2019 жылдың 03 маусымындағы төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Банк ДАМУ Қорымен және Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігімен 200 млн.теңге, оның 100 млн. теңгесін облыс Әкімдігі және 100 млн. теңгесін – Қор берген сомаға «Ақ Ниет» субөнім бойынша – Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына қатысу туралы кредиттік келісімге қол қойды. Осы бағдарламаның аясында Банк ВТБ (Қазақстан) жылдық 8,5%-ға дейінгі сыйақының атаулы мөлшерлемесімен ШҚО бизнесмендеріне жеңілдікті кредит беруде. - Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірігіп, ШОБ секторына маңызды қолдау көрсете отырып, көптеген жобаларды іске асырды, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло: – біз кезінде Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігімен және Даму Қорымен «2- Ақ Ниет» субөнім бойынша бірге жұмыс жасағанбыз. Ол кезде банк сол өңірдің кәсіпкерлерін қаржыландыруға бөлінген 300 млн. теңгені ойдағыдай игерген. «2-Ақ Ниет» пен «Ақ Ниет» бағдарламаларының айырмашылығы аз, осы екі субөнімінің мақсаты бір – облыс бизнесмендерге қолдау көрсету. Мысалы, «Ақ Ниет» бағдарламасы азық-түлік өнеркәсібін, агрокешенді, туризмді және азық-түліктік емес тауарларды өндірудің дамуына ерекше көңіл бөледі, яғни бірінші кезекте осы саладағы кәсіпкерлерді артық көреді. цитата соңы [2019-07-03]