ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
03.07.19 08:52
/KASE, 03.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ (Алматы, бұдан әрі –
банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың
01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C57060010 жай акцияларының жалпы саны 2 995 700 дана;
- банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ВТБ Банкi" КАҚ (Мәскеу) болып табылады.
[2019-07-03]