KASE "Kaspi Bank" АҚ KZ2C00001428 (CSBNb8) және KZ2C00001410 (CSBNb9)) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_BM* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

01.07.19 14:34
/KASE, 01.07.19/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2019 жылдың 16 сәуірінен бастап, олардың маркет-мейкері болмауына байланысты "Kaspi Bank" АҚ KZ2C00001428 (CSBNb8) және KZ2C00001410 (CSBNb9) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, негізгі алаңның өкілеттік тізімінен (KASE_BM* серия) алып тастады. 2019 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE_BМ* индексінің өкілеттік тізімі 36 атаудағы облигациядан тұрады. KASE_ BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BМC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2019-07-01]