"Kaspi Bank" АҚ KZ2C00001428 (CSBNb8) және KZ2C00001410 (CSBNb9) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

01.07.19 10:40
/KASE, 01.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2019 жылдың 01 шілдесінен бастап "Kaspi Bank" АҚ келесі облигациялары KASE ресми тізімінен айналым мерзімі аяқталуына байланысты шығарылды: - KZ2C00001428 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CSBNb8; 100 теңге, 6,0 млрд теңге; 01.07.09 – 01.07.19; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 7,30 %; 30/360); - KZ2C00001410 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CSBNb9; 100 теңге, 5,5 млрд теңге; 01.07.09 – 01.07.19, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 7,30 %; 30/360). Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" секторына 2009 жылдың 30 маусымынан бастап енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "облигациялар" санатында орналасқан. Олардың сауда-саттықтары 2009 жылдың 01 шілдесінен бастап ашылған. [2019-07-01]