"Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

25.06.19 12:51
/KASE, 25.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Султан) Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 25 маусымындағы Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады: цитата басы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да Қордың директорлар кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып Жәмиев Алмат Күнжолұлы сайланды, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Лука Сутераның (Luca Sutera) өкілеттігі 1 жылға ұзартылды. «СамұрықҚазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қарымсақов Бейбіт Еркінбайұлы «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қор Басқармасының шешімімен «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері Нұрлан Құсайынұлы Рахметовтың және Анатолий Тихонович Спицынның өкілеттігі тоқтатылды. цитата соңы Осы ақпарат жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_250619_kz.pdf [2019-06-25]