"RG Brands" АҚ акционері жылдық аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікті бекітті және 2018 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге шешім қабылдады

25.06.19 10:49
/KASE, 25.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ (Алматы), акционерлерінің 2019 жылдың 31 мамырындағы шешімдері туралы Биржаға хабарлады. - "Делойт" ЖШС аудиторлық есебімен бекітілген, 2018 жылға компанияның шоғырландырылған аудиттелген қаржылық есебі бекітілсін; - 2018 жылға таза табысы 1 750 000 000 теңге көлемінде бекітілсін: - Жай акциялар бойынша бір акцияға 558 теңгеден дивиденд төлеуге бағытталсын. Дивиденд төлеуді бастау – 2019 жылдың 19 шілдесі. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі бес мәселе бойынша шешім қабылданды. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_annual_shareholders_meeting_results_310519_384.pdf [2019-06-25]