21 маусымнан бастап Еуразиялық даму банкінің XS2012983693 (EBRDK210626) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

21.06.19 10:23
/KASE, 24.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 13 маусымынан бастап Еуразиялық даму банкінің XS2012983693 (1 000 теңге, 60,0 млрд теңге, 21.06.19 – 21.06.26; Қазақстандағы инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон; actual/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді. Аталмыш облигациялардың бастамашысы "Tengri Capital MB" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың аталмыш шешімі 2019 жылдың 16 мамырынан бастап "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.5 қосымшасы 2 тарауы 2 тармағының 1) тармақшасының шарттарына сәйкес күшіне енеді. Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қазақстан қор биржасында қосымша жарияланады. Осы облигацияларға EBRDK210626 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/EBRD/ жуырдағы уақытта жарияланады. [2019-06-21]