"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ Cbonds ақпараттық агенттігінің нұсқасы бойынша 2018 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша үздік андеррайтер болып танылды

20.06.19 14:55
/KASE, 20.06.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы, тақырыптамада – "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ), Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 19 маусымындағы баспаөз хабарламасын ұсынды: ... "Қазақстан халық банкінің" еншілес ұйымы – "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ – тағы да Cbonds ақпараттық агенттігінің нұсқасы бойынша 2018 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша үздік андеррайтер болып танылды. 2018 жылы "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ нарықтың 47,45% пайызын қамтып, жалпы сомасы 219 млрд. теңге борыштық бағалы қағаздардың тоғыз шығарылымын орналастыру бойынша жалғыз андеррайтер ретінде қатысты. Сонымен қатар, 2018 жылы алғашқы нарықта барлық ойыншылар орналастырған облигациялардың жиынтық көлемі 462 млрд. теңгені құрады. ... [2019-06-20]