/ҚАЙТАЛАУ/ 19 маусымда Қазақстан қор биржасында "Қазақтелеком" АҚ 30,0 млн KZ2C00005932 (KZTKb4) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

18.06.19 10:53
/KASE, 18.06.19, 14.06.19 жаңалығын қайталау/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2019 жылдың 19 маусымында "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00005932 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZTKb4) облигацияларын төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZ2C00005932 KASE сауда-саттық коды: KZTKb4 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 120 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыста болудың алғашқы күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы аукцион қорытындысы бойынша анықталады Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы аукцион қорытындысы бойынша анықталады Купонды төлеу мерзімділігі кейінірек анықталады Купон мөлшерлемесі жылдық 11,50% Купонды төлеу мерзімділігі: жылына екі рет Купондық төлеуді басталуы: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------ ----------------------- Сауда-саттық күні: 19.06.19 Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 80 000 000 000 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 10:30–13:00 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлем уақыты: 19.06.19, 15:00 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан жоғары, өтінімдер кесімделеді Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Биржа қарсылама өтінімдер қабылдаған уақыт бойынша кесімдеу бағасымен Сауда-саттық жүйесі секторы MBonds_ST Сауда-саттық жүйесі тобы MS_Bonds_024 ------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Республикалық дәрежедегі қаланың, астананың жергілікті биліктің атқарушы органымен ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережелері http://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf мекен-жайында жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағиданың мәтіні http://kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://kase.kz/ru/bonds/show/KZTKb4/ мекен-жайында жарияланған. [2019-06-18]