Биржада 17 маусымнан бастап, орындалуы 2019 жылдың желтоқсанында KASE индексінің мәніне фьючерстің сауда-саттығы ашылды

17.06.19 10:24
/KASE, 17.06.19/ – 2018 жылдың 17 маусымынан бастап орындалуы 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан қор биржасында (KASE) мынадай мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ашылды: - АҚШ долларының теңгеге бағамына есеп айырысу фьючерсі; - KASE индексінің мәніне есеп айырысу фьючерсі - KAZ Minerals PLC (Лондон) GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялар фьючерсіне; - "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ000A0LE0S4 (KASE ресми тізімі, "премиум" санаты, HSBK) жай акциялар фьючерсіне; - "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C00000876 ( KASE ресми тізімі, "премиум" санаты, KCEL) жай акциялары фьючерсіне; - "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C00000744 (KASE ресми тізімі, бірінші "премиум" санаты, KZTO) жай акциялары фьючерсіне; KASE сауда жүйесінде аталған алты айлық келісімшарттарға тисініше қысқартылған белгілер (сауда-саттық кодтары) _USDKZT1912, F_INKASE1912, F_GB_KZMS1912, F_HSBK1912, F_KCEL1912 және F_KZTO1912 берілген. Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен жоғарыда аталған фьючерстерге төмендегі алғашқы теориялық бағалар белгіленді. 2019 жылдың 13 желтоқсанынан бастап F_USDKZT1909, F_INKASE1909, F_GB_KZMS1909, F_HSBK1909, F_KCEL1909 және F_KZTO1909 фьючерстері үш айлық мерзімдік келісімшарттарға айналатынын естеріңізге саламыз, соңғы сауда-саттық күні 2019 жылдың 13 қыркүйегі. Алты айлық фьючерстермен соңғы сауда-саттық күні 2019 жылдың 13 желтоқсаны болып табылады. Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі Биржалық сауда-саттыққа қатысу туынды қажы құралдарымен KASE деривативті нарығына клирингтік қатысушылар қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/membership/clearing_partcipants мекен-жай бойынша жарияланды. Мерзімдік келісімшарттың биржалық саудаларының ережелері – http://www.kase.kz/ru/fut мекен-жайында жарияланады. KASE деривативі нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін биржаның ішкі құжаттарының мәтіні http://www.kase.kz/ru/rules_kase мекен -жайында ("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан. [2019-06-17]