/ҚАЙТАЛАУ/ KASE TELEGRAM ҚОСЫМШАСЫ АРНАСЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕР МЕН АҚПАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫРДЫ

14.06.19 11:01
/KASE, 14.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Telegram – @KASEInfoBot. қосымшасында ресми ақпараттық арнасында бағалы қағаздар нарығы туралы ақпаратпен толықтырылғаны туралы хабарлайды. АРНА ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ енді мемлекеттік және корпоративтік нарыұта арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтетіні туралы, олардың нәтижесі туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген валюталардың кросс бағамы туралы хабарлама алып отыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ арнаны қолданушы Қазақстан қор биржасында саудаланатын қаржы құралының белгілі бір бағасын беру және оның нәтижесі туралы ақпарат алу мүмкіндігін беретін қызмет қосылған. Ақпараттық арнаға @KASEInfoBot жазылған қолданушы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық барысы туралы ыңғайлы әрі ықшам форматта жедел ақпарат алып отырады. KASE барлық ниет білдірушілерді @KASEInfoBot. ақпараттық арнасына қосылуға шақырады. * * * Қазақстан қор биржасы арнасына қосылу үшін Telegram жазбасында @KASEInfoBot енгізу қажет, одан кейін "Start Bot" түймесін басады. Қолданушылар өздерінің ескертулері мен тілектерін арнайы құылған қолдау тобында https://t.me/kasebotsupport. мекен-жайында қалдыра алады. Telegram-ды IOS үшін Appstore, Android үшін Playmarket – тен еркін көшіруге болады. Telegram ресми интернет-сайтында бағдарламаның үстелдегі нұсқасын Windows, MacOS немесе интернет-браузеріне көшіруге мүмкіндік бар. [2019-06-14]