АНОНС: 2019 ЖЫЛДЫҢ 27 МАУСЫМЫНДА KASE IFC ӨКІЛДЕРНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНА КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАР МЕН ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

12.06.19 15:30
/KASE, 12.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 27 маусымында Лондонда Халықаралық қаржы корпорациясының (International Finance Corporation, IFC) бас кеңсесінің қазынашылық басшылары және Қазақстандағы IFC кеңсесі басшылары Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мен инвесторлармен кездесу өткізетіні туралы хабарлайды. Өтетін орны: Байзақов көшесі 280, "Almaty Towers" Көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE мәжіліс залы. Өтетін уақыты – алматы уақытымен сағат 14-30. Іс-шараға инвесторлар, нарықтың кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері қатысады. Кездесуде IFC өкілдері борыштық капитал нарығында жасалған мәмілелер мен әлеуметтік мәмілелер туралы айтылады, сондай-ақ компанияның қызметімен, Қазақстандағы IFC ағымдағы жобаларымен таныстырады. Іс-шараға қатысу үшін 2019 жылдың 26 маусымына дейін customers@kase.kz электрондық мекен-жайына қатысушы туралы мәлімеьтті жіберу керек (аты-жөні, тегі, лауазымы, электрондық почта мекен-жайы көрсетілсін). Анықтама: IFC – Әлемдік банк құрылымына кіретін, халықаралық қаржы институты. Дамушы елдердегі жеке секторға ғана бағытталған, ірі жахандық даму институты болып табылады. [2019-06-12]