KASE 2019 жылдың мамыр айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізді

11.06.19 17:32
/KASE, 11.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) бүгін 2019 жылдың мамыр айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған статистикалық ақпарат ұсынылған, Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізді. Ағымдағы кезеңде сауда-саттықтың жиынтық көлемі 10 342,5 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы айға қарағанда 4,0 % немесе 425,4 млрд теңгеге өсті. Қаржы нарығы оң динамиканы қамтамасыз етті, бағалы қағаздар нарығы - (+21,0 % немесе +60,1 млрд теңге) шет елдік валюталар нарығы – (+2,1 % или +16,9 млрд теңге) құрады. Бағалы қағаздар нарығы, шет елдік валюталар, қаржы (репо және валюталық своп) көрсеткіштері туралы толық ақпаратпен KASE интернет- сайтында Биржаның баспасөз хабарламасымен – http://kase.kz/files/press/ru/11_06_2019_Itogi_May_rus.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-06-11]