"Қазақтелеком" АҚ KZ2C00005932 (KZTKb4) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

10.06.19 10:18
/KASE, 10.06.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 07 маусымында "Қазақтелеком" АҚ (Нұр- Сұлтан) KZ2C00005932 (1 000 теңге, 120,0 млрд теңге; 7 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 11,50 %; 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Қазақтелеком" АҚ облигациялардың қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше KZTKb4 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-06-10]