10 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS1263054519 (KZ_07_2507) халықаралық облигацияларымен жасалатын мәмілелер Т+2 сызбасы бойынша АҚШ долларымен есептесу арқылы жүзеге асырылады

07.06.19 16:39
/KASE, 07.06.19/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен Биржа клирингілік қызметті жүзеге асыратын Қаржы құралдарының тізіміне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS1263054519 халықаралық облигациялары (KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_07_2507) енгізілді. 2019 жылдың 10 маусымынан бастап аталмыш облигациялармен жасалатын мәмілелер Т+2 сызбасы бойынша АҚШ долларымен есептесу арқылы жүзеге асырылады. Есептесуі АҚШ долларымен еурооблигацияларды сауда-саттықтары, есептесудің Т+2 сызбасын (мәміле жасалғаннан кейін екінші күні) қолданумен және сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша клиринг жүргізумен, KASE сауда-саттық жүйесінің жеке нұсқасында өткізілетінін еске саламыз. Осы сызба жартылай қамтылған мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді. Бұл ретте есеп айысыру үшін активті жеткізуі сауда-саттыққа қатысушысы есептесу күннің алматылық уақытпен 17:00-ге дейін жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстан қор биржасында шетел валютасында номинацияланған листингілік борыштық бағалы қағаздар Т+0 сызбасы бойынша қазақстандық теңгеде есеп айырысып, өтінім бергенге және мәміле жасасқанғанға дейін толық алдын ала депозитке салу қажеттілігімен саудаланады. Биржа солар бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыратын, Қаржы құралдарының тізіміне қаржы құралдарды енгізу тәртібі KASE интернет- сайтында жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері KASE интернет-сайтында жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/clearing_rules.pdf [2019-06-07]