Standard & Poor's агенттігі "ForteBank" АҚ рейтингілік бағасын "В" деңгейінен "B+" деңгейіне дейін арттарғаны туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

07.06.19 11:17
/KASE, 07.06.2019/ – бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 07 маусымындағы келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2019 жылдың 06 маусымында S&P Global Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі ForteBank рейтингін "В" деңгейінен "B+" деңгейіне дейін арттырғаны туралы хабарлады, болжам – "Тұрақты". S&P талдаушыларының хабарлауынша: «Біз ForteBank-тің рейтингісін көтердік, себебі банк соңғы үш жылда өзінің бәсекелік ұстанымын едәуір нығайтты Қазақстандағы үш ірі банктің үшіншісі болып табылады, активтерінің мөлшері бойынша нарықтық үлесі 8%. ForteBank-тің тәжірибелі басқарушы командасы және акционері Болат Өтемұратовтың тарапынан көрсетілген қолдау, жаңа жоғары сапалы бизнестің қалыптасуына және өткен кезеңдер үшін проблемалы берешектерді сәтті реттеуге және тиімділікті арттыруға ықпал етті деп ойлаймыз.» ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили бұл жаңалық бойынша түсінік беріп өтті: «S&P Global Ratings агенттігінің банк рейтінгісін «В+» деңгейіне дейін көтеруі – банк үшін маңызды оқиға және тұтас командамыздың жұмысын жоғары бағалау. ForteBank рейтінгісінің жақсаруы - оның Қазақстандағы нарықтық орнының нығаюының кезекті көрсеткіші болып табылады және клиенттерімізге сапалы қызмет көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік береді. ForteBank капиталының жеткілікті болуы және өтімділік деңгейі бойынша көшбасшылық орнын сақтай отырып, оң қаржы нәтижелерін көрсетеді.» цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_060619_1.pdf [2019-06-07]