"Altyntau Kokshetau" АҚ акционерлері компанияның жылдық қаржылық есептілігін мақұлдады және 2018 жылға дивиденд төлеуге шешім қабылдады

06.06.19 17:35
/KASE, 06.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Altyntau Kokshetau" АҚ (Ақмола обл), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2019 жылдың 04 маусымындағы шешімдері туралы хабарлады: - компанияның 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігі таза кірісі 228 414 000 АҚШ доллары көлемінде бекітілсін; - 86 000 000 АҚШ доллары көлеміндегі дивиденд түріндегі таза табысын жартылай бөлу мақұлдансын. Бір жай акцияға дивиденд көлемі бір жай акцияға 2015 АҚШ доллары көлемінде анықталсын. Аталмыш ақпаратпен – http://kase.kz/files/emitters/ATKT/atkt_decision_sole_shareholder_040619_388.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-06-06]