/ҚАЙТАЛАУ/ 06 маусымнан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ XS0245586903 (CCBNe3) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық Т+0 сызбасы бойынша жүргізіледі

06.06.19 10:00
/KASE, 06.06.19, 03.06.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2019 жылдың 06 маусымындағы шешімімен Биржа клирингілік қызметті жүзеге асыратын мәмімелер бойынша қор нарығының қаржы құралдарының тізімінен "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) XS0245586903 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNe3_USD) халықаралық облигациялары тізімнен шығарылды. Сонымен, 2019 жылдың 06 маусымынан бастап Қазақстан қор биржасында аталмыш облигациялармен сауда-саттық есептеуі Т+0 сызбасымен қазақстандық теңгемен CCBNe3 сауда-саттық кодымен жүргізіледі. Биржа клирингілік қызметті жүзеге асыратын мәмімелер бойынша қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне енгізу тәртібі KASE интернет- сайтында http://kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf мекен- жайында жарияланды. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережесі KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/clearing_rules.pdf мекен-жайында жүргізіледі. [2019-06-06]