"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ жалғыз акционері 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

04.06.19 17:27
/KASE, 04.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ жалғыз акционерінің 2019 жылдың 28 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады. - компанияның 2018 жылға қаржылық есебі бекітілсін; - компанияның 2018 жылға жұмыс нәтижесі бойынша таза табысы болмауына байланысты, дивиденд төлемеу - компанияның жалғыз акционерінің компанияға және оның лауазымды тұлғаларына шағымдары жоқ екендігі назарға алынсын. Толық ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjl_decision_sole_shareholder_200519_16.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-06-04]