"Қазақстан Даму банкі" АҚ KZ2C00005908 (BRKZb15) және KZ2C00005916 (BRKZb16) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

03.06.19 11:09
/KASE, 10.01.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 10 қаңтарында "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті: - KZ2C00005908 (1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 7 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360); - KZ2C00005916 (1 000 теңге, 70,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360). Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. аталмыш облигациялардың шығарылымы ҚР Ұлттық Банкінде 2019 жылдың 21 мамырында жалпы сомасы 100,0 млрд теңгеге тіркелген, "Қазақстан Даму банкі" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы аясында бірінші болып табылады. "Қазақстан Даму банкі" АҚ облигациялардың қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Даму банкі" АҚ еншілес ұйымы "Казкоммерцбанк") АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше BRKZb15 және BRKZb16 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-06-03]