ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ Еншілес ұйымы 2018 жылға жұмыс қорытындысы туралы хабарлады
31.05.19 11:50
/KASE, 31.05.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, Банк ВТБ (Қазақстан) Еншілес банкі АҚ (Алматы),
Қазақстан қор биржасына (KASE) 2019 жылдың 31 мамырындағы төмендегі
баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Өткен жыл ВТБ-ның Қазақстанда жұмыс істеген 9 жыл ішіндегі ең табысты
жылы болды. 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайына қарағанда Банк
активтері өткен кезеңмен салыстырғанда 6%-ға артып, 162 млрд теңгені
құрады, Банктің жарғылық капиталы 29,9 млрд теңгеге тең. Жыл ішіндегі
таза пайда 118%-ға өсіп, 4,1 млрд теңгені құрады.
Өткен жылдың қорытындысы біз үшін өте табысты болды. 2018 жылы Банк
ВТБ тобының 2017-2019 жылдарға арналған Даму стратегиясы шеңберінде
белгіленген мақсаттарды іске асыруда айтарлықтай жетістіктерге қол
жеткізді. Банктің барлық үш бизнес-желісі: бөлшек, шағын және орта,
сондай-ақ ірі - инвестициялық бизнес өткен жылды табысты аяқтады, – деді
Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. –
Есепті кезеңде банктің кредиттік портфелі 26%-ға өсті, ЕДБ рейтингісінде
біз капиталға кірістілігі бойынша 5-ші орынға және пайда мөлшері бойынша
18-ші орынға ие болдық.
2018 жылдың қорытындысы бойынша банк міндеттемелері 141,2 млрд
теңгені құрады. Кредиттік портфель 91,3 млрд теңгеге дейін өсті, оның
ішінде 42% – жеке тұлғаларға кредит беру, 45% - орта корпоративтік
бизнесті қаржыландыру және 13% – ірі инвестициялық жобаларды
қаржыландыру. Өткен жылы банк таза пайда бойынша жоспарды 3 еседен
астам асыра орындады. CIR бизнес тиімділігінің көрсеткіші 17,9% құрады.
S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша Банк
ВТБ (Қазақстан) ел банктері арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің
біріне ие: ұзақ мерзімді «ВВ+» деңгейінде, қысқа мерзімді – «В» деңгейінде.
Рейтингтің өзгеру болжамы – «тұрақты».
цитата соңы
[2019-05-31]