"Қазақстан қор биржасы" АҚ өз акционерлерінің 2019 жылдың 30 мамырында болып өткен жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлайды

30.05.19 17:22
/KASE, 30.05.2019/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE немесе биржа), хабарлайды: 2019 жылдың 30 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы болып өтті, онда төмендегі шешімдер қабылданды: 1. Биржаның 2018 жылдағы қызметі туралы мәлімет назарға алынсын. 2. 2018 жылға биржаның жылдық қаржылық есеп берушілігі бекітілсін. 3. Биржаның 2018 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төленбейді, Биржаның 965 312 978,82 теңге (100 %) көлеміндегі таза табысын (кіріс) Биржаның дамуына жіберілсін. 4. 2019 жылға Биржаның жылдық қаржылық есеп берушілігіне аудит жүргізу мақсатында "BDO Kazakhstan" ЖШС аудиторлық ұйымды анықтау. 5. Биржаның №4 жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды бекіту. Биржаның Төрайымы Алдамберген Алина Өтемісқызы Биржаның жарғысына №4 өзгертулер мен толықтыруларға қол қоюға уәкілеттік берілсін. 6. Директорлар кеңесі туралы Қағидасына №3 өзгертулер мен толықтырулар, аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды 2019 жылдың 31 мамырынан бастап қолданысқа енгізе отырып, бекітілсін. 7. 2018 жылы Биржаның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдары жоқ екендігі назарға алынсын. 8. Биржалық кеңес мүшелеріне және Биржа Басқармасының мүшелеріне сыйақының көлемі мен құрамы туралы мәліметті назарға алынсын. 9. Биржаның Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2018 жылдың қорытындысы бойынша жылдық сыйақы төленсін. [2019-05-30]