"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Өзбекстанның Орталық Банкінің еншілес банкі Tenge Bank-ке лицензия бергені туралы хабарлады

24.05.19 19:09
/KASE, 16.05.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған 2019 жылдың 24 мамырында ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Өзбекстан Орталық Банкі Теңге банкке лицензия беру туралы шешім қабылдады 2019 жылғы 24 мамыр, Ташкент - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның еншілес ұйымы "Tenge Bank" Акционерлік коммерциялық банкі (АКБ) - Өзбекстан Орталық Банкінің банктік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясын алды жəне 2019 жылғы маусым айынан бастап клиенттерге қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. "Біз барлық серіктестеріміз бен клиенттерімізге еншілес Tenge Bank банктік лицензияны алғандығын жəне маусым айынан бастап Өзбекстанда жұмыс істеуге дайын екендігін қуана хабарлаймыз. Елімізде жүргізіп жатқан экономикалық реформалар қаржы қызметтері нарығын белсенді дамытуға мүмкіндік береді. Біз бизнестің кең əлеуетін байқай отырып, Өзбекстанға бағытталған инвестицияның серігі болғымыз келеді. Біз өзбек нарығын қазіргі заманғы банктік технологиялармен жəне корпоративтік, сондай- ақ бөлшек клиенттерге банктік қызметтердің барлық спектрін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге дайынбыз. Өңірдегі ең ірі банк ретінде біз өз миссиямызды экономикалық қатынастарды кеңейтуге, кооперацияны арттыруға жəне сауданы қолдауға арнаймыз", - деді Халық банк Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова. Халық банк өз кезегінде Өзбекстанда ұсынылған алғашқы қазақстандық банк болды, Өзбекстан - енді Халық қаржы тобының еншілес құрылымы жұмыс істейтін алтыншы мемлекет. Теңге банк корпоративтік жəне бөлшек клиенттердің барлық санаттарына қаржылық қызмет көрсете алатын əмбебап банк ретінде дамитын болады. Жеке тұлғаларға жинақ жəне кредит беру бағдарламалары, сондай-ақ төлем карталары ұсынылады. Бірнеше айдың ішінде Тенге банк халықаралық төлем жүйелерімен - Visa жəне Master Card-пен жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, банк онлайн төлемдер мен аударымдардың ең бай функционалы бар Homebank интернет- платформасының мобильді қосымшасын іске қосуды жоспарлады. Бір мезгілде корпоративтік клиенттер мен кəсіпкерлердің барынша қолайлылығы үшін озық жəне инновациялық қызметтер мен сервистер жиынтығын ұсынатын Onlinebank қосылады. Теңге __________банк заңды тұлғаларға, шағын жəне орта бизнеске қызмет көрсету бойынша ерекше көңіл бөледі. Үйреншікті есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуден басқа банк депозиттік жəне кредиттік өнімдердің, соның ішінде сауданы қаржыландыру құралдары - трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету, экспорттық жəне импорттық мəмілелерді қолдау үшін аккредитивтер мен кепілдіктерді əзірлейді. «ТМД-дағы қаржы топтары арасында географиялық орналасуының кең ауқымын ескере отырып, дəл осы сауданы қаржыландыруда тек екіжақты трансшекаралық төлемдер ғана емес, сондай-ақ Халық тобының қызметі ұсынылған барлық елдердің дами түсуінде үлкен əлеует бар деп есептейміз», - деді "Теңге банк" АКБ Басқарма Төрағасы Аслан Талпақов. Банк кеңсесі мен бөлімшесі жақын арада Ташкент қаласы, Яшнабад ауданы, Паркентская көшесі, 66 үй, индексі 100007 мекенжайы бойынша жұмыс істей бастайды. Анықтамалық ақпарат: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (https://www.halykbank.kz) 1998 жылдан бастап Қазақстан қор биржасында (ҚҚБ) жəне 2006 жылдан бастап Лондон қор биржасында листингте болды. Ең жоғары кредиттік рейтингке ие: (Moody ' s – Ba1 / Fitch – BB / S&P – BB). 2017 жылғы шілдеде қаржы институттары арасында активтерінің көлемі бойынша екінші орынды иеленген "Казкоммерцбанк" АҚ-ның бақылау үлесін сатып алды жəне оны 2018 жылдың шілде айында толығымен қосты. Қазақстан Халық Банкі 2019 жылғы 1 сəуірдегі көрсеткіштер бойынша 8,9 трлн. теңге актив мөлшерімен Қазақстандағы жəне Орталық Азия аймағындағы ірі кредиттік ұйым болып табылады, клиенттердің ең кең базасы мен филиал желісі – ел бойынша 656 филиал мен бөлімшелер, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан, Ресей жəне Тəжікстандағы еншілес банктері бар. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ PR-қызметі Тел.+7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | / www.halykbank.kz цитата соңы [2019-05-24]