16 мамырдан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2C00004711 және KZ2C00004745 облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

16.05.19 14:49
/KASE, 16.05.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 16 мамырынан бастап Еуразиялық даму банкінің облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді: - KZ2C00004711 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы аукционның қорытындысы бойынша анықталады; 30/360); - KZ2C00004745 (1 000 теңнге, 10,0 млрд теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы аукционның қорытындысы бойынша анықталады; 30/360). Аталмыш облигациялардың шығарылымы қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде 2015 жылдың 20 ақпанында 200,0 млрд теңгеге тіркелген Еуразиялық даму банкінің екінші облигациялық бағдарламасы аясында тоғызыншы және 11-ші болып табылады. Еуразиялық даму банкінің қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/EABR/ жарияланды. [2019-05-16]