"KEGOC" АҚ акционерлері 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті, дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады және 2019 жылға компанияға аудит жүргізуге "Эрнст энд Янг" ЖШС анықталды

16.05.19 12:12
/KASE, 16.05.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KEGOC" АҚ (Астана), биржаға акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы 2019 жылдың 03 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады: Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2018 жылға қаржылық есебі бекітілсін; - 2018 жылға компанияның таза табысын бөлу келесі тәртіппен бекітілсін; - 14 177 724 203,30 теңге дивиденд төлеуге; - қалған 4 927 462 733,40 теңге компанияның иелігінде дамуына жұмсалсын; - компанияның 2018 жылға дивиденд көлемі бір жай акцияға 54,53 теңге көлемінде бекітілсін; - акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне шағымдары жоқ екендігі назарға алынсын; - "Эрнст энд Янг" ЖШС компанияға аудит жүргізетін компания ретінде анықталсын; - Компанияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар бекітілсін. Толық ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_annual_shareholders_meeting_results_030519_3196.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-05-15]