"Баян Сұлу" АҚ 2019 жылдың 18 маусымында акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

15.05.19 16:44
/KASE, 15.05.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 18 маусымында сағат 15:00-де акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады. Күн тәртібіне тоғыз мәселе енгізілді: - Компания Басқармасының 2019 жылға қызмет нәтижесі туралы есеп; - 2018 жылға компанияның қаржылық есебін бекіту туралы; - компанияның 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына дивиденд көлемін бекіту туралы; - акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне жүгінулері туралы; - Директорлар кеңесінің мүшелері мен компания басқармасының 2018 жылға сыйақы көлемі мен құрамы туралы акционерлерді хабардар ету; - Компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау, сыйақы төлеу көлемі мен төлем шарттарын және Директорлар кеңесінің мүшелеріне міндеттерін атқарғаны үшін өтемақы төлеуді анықтау. Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/BSUL/bsul_annual_shareholders_meeting_info_180619_494.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-05-15]